Соңғы жаңалықтар

АЙТЫСКЕР АҚЫН АҚМАРАЛ ЛЕУБАЕВАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен айтыс өнерінің өресіне шыға білген айтыскер ақын, сазгер Оңтүстіктің ару ақын қызы Ақмарал Леубаевамен «Өнердің алтын алқасы » атты кездесу кеші өтті. Жаһұттай жыр тұнған поэзия әлемінде өзіндік өрнегі, қазақтың төл өнері – айтыс жанрында өлшеусіз ізі бар, қара сөзге дес бермес, жорғадай тайпалған қазақтың айтыскер қызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Леубаеваның қазақ айтыс өнерінде алатын орны ерекше. Ақынның өлеңдері жатқа айтылып, сазгердің әндері шырқалып, айтыс өнерінен үзінділер көрсетілді. Ақынның балалық шағынан бастап әрбір өнер жолына жеке тоқталып слайд көрсетілді. Қойшыбай Ырысай, Төлеген Олжас, Дайрабаева Махаббат, Мұратбек Әмина сазгердің әндерін нақышына келтіре орындап З.Исабеков атындағы жалпы орта мектебінің кітапханашысы Тұрабаева Жамиля «Ақ бұлттар арасында» әнін өте жоғары деңгейде орындап ақынның ризашылығына бөленді. Көрермендер сұрақтар қойып ақынның жауабына ризашылықтарын білдірді, ақынның өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ақындардың алар орны ерекше аталып өтті, қонақкәде сұрап ақын әрбір көрерменге арнау айтты.

Қатысты жаңалықтар

Көріпкелдің көрсеткен қорлығы

azatmedia

Talent: One Of The Biggest Challenges Facing Logistics Providers

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАБДЫҚТАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

azatmedia