Соңғы жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, АПӘК әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Атамекен» жалпы орта мектебінде «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында онлайн форматында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілімен кіріктеру оқыту әдістемесімен пән мұғалімдерін таныстыру, тәжірибе алмасу. Семинардың басында «Атамекен» жалпы орта мектебінің директоры Тинисбаева Дилда мектептегі биология, физика және информатика пәндерін ағылшын тілімен кіріктіре оқыту барысына және жалпы мектептің тыныс тіршілігіне тоқталып өтті. Семинар барысында сабақ мақсатына жету үшін пайдаланылатын тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалімнің шеберлігіне байланысты тапсырмаларды дұрыс үйлестіру және өзге де ресурстарды қолдану жолдары туралы кеңінен мағұлмат берілді. Баяндама жасаған пән мұғалімдері интернет ресурстардың көптеген түрлерін ұсынды. Аталмыш мектептің биология пәнінің мұғалімі Н.Усербаева «Биология пәнінде үштілділікті қолдану арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттырудағы әдіс-тәсілдер», физика пәнінің мұғалімі Г.Жолдасова «Оқушыларды үш тілді қолдану арқылы танымдық, тәжірибелік қабілеттерімен бірге ақпарат шексіздігіне көз жеткізу», информатика пәнінің мұғалімі Ж.Айткулова «Информатика пәнін үш тілде оқытудың тиімді әдіс тәсілдері» тақырыптарында баяндамаларын оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар жаратылыстану пәндерін ағылшын тілімен кіріктіп оқытуда кездескен қиындықтарды талқылап, ұсыныс пікірлерін айтып, кері байланыс жасалды. Семинарға жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер қатысты.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕДСТАВИТЕЛИ СПЕЦИАЛЬНОЙ ГРУППЫ РАССМОТРЕЛИ II ЭТАП ПРОДОЛЖЕНИЯ ПРОСПЕКТА КУНАЕВА

azatmedia

ЖАҢАРҒАН ЕЛДІМЕКЕН

azatmedia

Қазақ жеріндегі қасиетті рухани құндылықтар

azatmedia