Соңғы жаңалықтар

ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ОТБАСЫНДА

Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Ата – ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін жетілдіру» тақырыбында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді, деп жазады аудандық аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі. Мектеп директоры Ү.Бибатыр дөңгелек үстелді ашып, шараның мақсатымен және келген қонақтармен таныстырды. Жиынға Төрткүл ауылы ардагерлер алқасының кеңесшісі Дәрменбай Төлеп, әжелер алқасының кеңесшісі Байсбек Қалжан, ата – аналар коммитетінің мүшесі Әйгелдиева Қарлығаш, ауыл қариясы Айтбай Құралсын және аудандық «Ордабасы оттары» газетінің штаттан тыс тілшісі Беркінбек Жақыпбек қатысып бала тәрбиесіндегі ата – ананың орны ерекше екенін, бала тәрбиесіне бір жақтама қарап мектепке арту, ата – ананың жауапсыздығы екені тілге тиек етіліп, жан-жақты бақылау ғана жақсы нәтиже беретінін ортаға салды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбдібек Гүлзада баяндама оқып, мектеп психологы Ибрагимов Серік қатысушылармен тренинг жүргізді.

Қатысты жаңалықтар

ПСЕВДОСАЛАФИЛИКТІҢ АЛДЫН АЛУ

azatmedia

Қайрат пен Жұлдыз бір күнде 18 млн теңге табыс табады

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ НАСЧИТЫВАЕТСЯ ОКОЛО 2 ТЫСЯЧ РАБОТНИКОВ КУЛЬТУРЫ

azatmedia