Ақпарат

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Хантағы ауылына жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпкер Жалғас Абдрамановтың шаруашылығымен танысты. Қазіргі таңда кәсіпкер 50 бас жылқы бордақылаумен айналысады. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп, қосымша 100 бас ірі қара бордақылауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар болашақта сиыр, бұқа және қой сатып алу арқылы мал басын көбейтіп, мал сою цехын ашу жоспарда бар. Бұл өз кезегінде ауылда жаңа жұмыс орындарын ашуға және ет өнімдерін өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Қала әкімі кәсіпкерлік бастамалардың ауыл экономикасын дамытудағы маңызына тоқталып, мұндай жобаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру басты бағыттардың бірі екенін жеткізді. Айта кетейік, Кентау қаласы аумаағында мал саны 57 871 басты құрайды. Сонымен қатар, қалаға қарасты елді мекендерде 14 мал бордақылау алаңы жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту бағытында мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелер мен қолдау бағдарламалары жергілікті кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Мұндай қолдаулар жаңа жобаларды іске асыруға серпін беріп, өңірде агроөнеркәсіп саласының тұрақты дамуына жол ашады. Алдағы уақытта Кентау қаласында мал бордақылау алаңдарының инфрақұрылымын жақсарту, ветеринарлық қызмет сапасын арттыру және ет өнімдерін өткізу нарығын кеңейту мәселелері де өзекті болмақ. Бұл шаралар өндірістің тиімділігін арттырып қана қоймай, ауыл тұрғындарының табысын көбейтуге де ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ 50-ШІ БАСПАНАСЫН ТАБЫСТАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АЙРЫҚША БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

azatmedia

Судан тапшылық мәселесі туындамайды

azatmedia