Соңғы жаңалықтар

Қашықтан оқытуға шынымен де 70 миллион доллар кетті ме?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуға жұмсалған қаражат турасында айтты, – Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Министр «Біреулер қашықтан оқытуға 70 миллион доллар бөлінді деп айтып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қашықтан оқыту сәуірден бастап енгізіле бастады, төртінші тоқсанға бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Төртінші тоқсанда төтенше жағдай режимі болғандықтан, біздің интернет платформалардың ресурстары тегін болды. Біз жүгіндік, әріптестеріміз үн қосты. Төртінші тоқсанда телесабақтар тегін түсіріліп, тіпті тегін көрсетілді» деді.

Сонымен қатар брифинг барысында 1 қыркүйектен бастап телесабақтардың ақылы түрде түсірілгені айтылды. Сонымен қатар министр Дүниежүзілік банктің мектептер үшін компьютерлер сатып алуға арналған несиесі жайына да тоқталды. Ережеге сай, оларды 2021 жылы ғана сатып алуға болатындықтан, несиеден бас тартқан. Аталған мәселе мәселе жергілікьі биліктің бюджеттен ақша бөлуі арқылы шешіліпті.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН АРАЛАДЫ

azatmedia

РЕЙТИНГ-2020: Әлемдегі ең бай 10 спортшы

azatmedia

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

Пікір қалдыру