Соңғы жаңалықтар

Бозайлықтар ауру-сырқауды аластап, құрбандық шалды

Қазіргі таңда елімізде өршіп тұрған коронавирус пен пневмониядан көптеген адамның көз жұмып, инфекция жұқтырған талай науқастың ем алып жатқанын білеміз. Бұл жағдай Түркістан облысының әр аймағында болып жатыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Осы орайда, жамандық атаулының бетін қайтаруға ниеттенген Келес ауданы Бозай ауылдық округінің тұрғындары қара малды құрбандыққа шалып, дұға етіп, етін ауылдағы тұрмыстық жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға таратып берді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастаған құрбандық шалу үрдісін осы ауылдағы «Әбдумәлік ата» мешітінің жамағаты мен елдітмекен азаматтары да жалғастырып отыр. Елдің амандығын тілеп, аурудың бетін қайтару ниетімен жасалып отырған іс-шараның демеушілері де осы азаматтарымыз. Енді бұл ет 24-ке бөлініп, ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға таратылады. Ниетіміз қабыл болып, халқымыз аман болсын!», – дейді мешіт имамы Тәшкенбай Ешенқұлов.

Имамның айтуынша, бұл мешіт жамағаттары алда келе жатқан «Құрбан айт» мерекесінде де осындай игі істер жасауға асығып, ірі қара және уақ малдарды құрбандыққа шалып, етін тарату үшін мешітке әкеледі.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН «ХИКВИЖН ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ МЕН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

azatmedia

13 қазаннан бастап карантин күшейтіледі

azatmedia

Пікір қалдыру