Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысында кәсіпорындардың 61 пайыздан астамы өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандырған. Бұл туралы өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мұрат Төлендиев мәлімдеді.

«Түркістан облысында 220 мың кәсіпкерлік нысан тіркелген. Биыл 874 азаматтан арыз-шағым түсіп, олардың 796-сы заң талаптарына сай қаралды. Нәтижесінде 87 тексеру жүргізіліп, 134 заң бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, 10,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 90%-ы өндірілді. Өндірістік жарақаттану бойынша 10 жазатайым оқиға тіркеліп, 13 адам зардап шеккен. Оның ішінде 2 адам қаза тапқан. Жарақаттану деректері көбіне денсаулық сақтау және шағын кәсіпкерлік салаларында орын алған. Алдын алу шаралары аясында 34 кәсіпорын «Нөлдік жарақаттану Vision Zero» тұжырымдамасына қосылды. Жалақы берешегі бойынша жаңа қарыздар анықталмаған. Дегенмен, 2024 жылдан өтпелі 101,2 млн теңге қарызы бар мекеме бақылауда. «Еңбек тәуекелдер картасы» аясында 6 мыңнан астам кәсіпорын мониторингке алынған. Өңірде жыл басынан бері еңбек даулары тіркелмеген. Аталған жайттардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, 1 850-ден астам адам қамтылды. Цифрландыру бағытында 1 554 ұжымдық шарт толық электронды форматқа көшірілді»-деп баяндады сала маманы.

Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру бағытында кәсіпорындарда тұрақты оқыту семинарлары мен нұсқамалар өткізу тәжірибесі кеңейтілуде. Бұл шаралар жұмысшылардың құқықтары мен міндеттерін жетік білуіне, өндірісте қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта еңбек қатынастарын бақылау жүйесін одан әрі цифрландыру жоспарланып отыр. Электронды мониторинг пен деректерді талдау тетіктерін енгізу арқылы заң бұзушылықтардың алдын алу күшейтіліп, өңірде әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғаса бермек.

Қатысты жаңалықтар

Шымкентте 100-ден аса бала вирустық инфекциядан жазылып шықты

azatmedia

Шымкентте карантин жеңілдетілді және ұзартылды

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia