Ақпарат Соңғы жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ 16,8 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ҚАЙТТЫ

Келес ауданында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Жиынға облыстық комиссия мүшелері, Келес ауданының әкімі, мәслихат депутаттары, жер қатынастары саласының мамандары, партия өкілдері қатысты.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмалары кеңінен талқыланып, жердің ел игілігіне тиімді қызмет етуі басты назарға алынды.

Отырыста Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Аудан әкімі 2022 жылдан бері аудан көлемінде пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүйелі жүргізілуде екенін айтты.

Атап айтқанда, 2023 жылы жоспарланған 14,1 мың гектардың орнына 14,6 мың гектар, 2024 жылы 3 мың гектардың орнына 3,2 мың гектар, ал 2025 жылы жоспарланған 4,5 мың гектардың орнына 11,9 мың гектар жер қайтарылып, жоспар бірнеше есе артығымен орындалған. 2026 жылдың алғашқы үш айында 2,3 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Қайтарылған жерлерді тиімді пайдалану бағытында да нақты жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары 16,8 мың гектар жер елді мекендердің ортақ жайылымына беріліп, тұрғындардың мал жаю қажеттілігін өтеуге бағытталған. Сонымен қатар, аудан бойынша 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жер учаскесіне мониторинг жүргізіліп, заң талаптарын сақтау бойынша тиісті ескертулер берілген.

Жиында жайылым тапшылығын азайту, игерілмей жатқан жерлерді айналымға енгізу, сондай-ақ заңдастырылмаған тұрғын үйлер мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, аудан тұрғынының арыз-шағымы тыңдалып, оны бақылауға алу қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, жер комиссиясының құрамын қайта қарау, заңдастырылмаған жер телімдерін рәсімдеу жұмыстарын жандандыру және қайтарылған жерлерді тиімді пайдалану міндеттелді.

Комиссия отырысында көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілетін болды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

Қалтқысыз қызметімен көптің құрметіне бөленіп жүрген халық қалаулысы

azatmedia

ТЕАТРАЛЬНЫЕ КОСТЮМЫ РАЗРАБАТЫВАЮТСЯ ДИЗАЙНЕРОМ МЕЖДУНАРОДНОГО УРОВНЯ

azatmedia