Соңғы жаңалықтар

Қалтқысыз қызметімен көптің құрметіне бөленіп жүрген халық қалаулысы

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы қайырымды істің алдыңғы шебінде бой көрсетіп жүрген азамат.


Атап айтар болсақ ағымдағы жылдың сегіз айдағы қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» «Кедергісіз келешек» ‘»Ардагерлерді ардақтайық» «30 Қайырымды іс» марафоны мен жобалары аясында бірқатар жұмыстар атқарылғаны өздеріңізге мәлім.

Әлеуметтік жағдайы осал топтағы мұқтаж 700-ге жуық отбасыға азық-түлік себептерімен қамтасыз етіп, аса күтімді қажет ететін балаларға қоларбамен демеушілік танытты.Сонымен қатар Абай ауданындағы №3 балалар үйіне бір реттік киім кешек және азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ қаламыздағы Абай ауданындағы №55 балабақша мен №133 жалпы орта мектептің автотұрағы және 81 мектепті ауыз сумен қамтамасыз етті.

Мұрат Жаңабайұлы спорт саласын жаңғырту бойынша да өзіндік ізін қалдыруда. Соның бір мысалы ретінде қаламыздағы 400-ге жуық жас спортшыны спорттық құрал-жабдықтармен қамтығанын айтуға болады.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған «Жол картасындағы» индекаторлардың орындалуы бойынша өз тарапынан жүйелі жұмыстардың ұйытқысы болып отыр.

Халық қалаулысының алдағы уақытта да ауқымды шаралар мен игілігі мол бастамалардың басы-қасынан табылып, көптің алғысына ие болатынына сенімдіміз.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ 368 СЕМЕЙ БУДУТ ОБЕСПЕЧЕНЫ ЖИЛЬЕМ ДО КОНЦА ГОДА

azatmedia

«Тәуекел деп осы жолды таңдадым» – желі қолданушылары Кентау тұрғынына алғысын жаудыруда

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 300 АДАМҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

azatmedia