Адам баласы табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат – тіршіліктің қайнар көзі, адамзаттың ортақ үйі. Сондықтан табиғи байлықтарды қорғау, қоршаған ортаны аялау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Әсіресе, өскелең ұрпаққа табиғатты сүюді үйрету – бүгінгі күннің ең маңызды міндеттерінің бірі.
Осы мақсатта Түлкібас ауданында аудан әкімдігі мен «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен «Парктер шеруі» акциясы өтті. Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Бақдәуір Кәлмен, қорық директоры Сейітқазы Қынтаев бастаған қорық қызметкерлері, түрлі мекеме ұжымдары мен мектеп оқушылары белсене қатысты.
Қаратау мен Алатау тоғысқан қасиетті өңірде орналасқан ауданымыз «Ақсу-Жабағылы» қорығымен мақтанады. Ғасырға жуық тарихы бар бұл қорық бүгінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи мұралар тізіміне енген бірегей аймақ. Мұнда өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жан-жақты зерттеліп, мыңға жуық ғылыми еңбектер жарық көрген.
Сонымен қатар, ауданымызда 100-ден астам өзендер, бұлақтар мен көлдер бар. Бұл – табиғаттың бізге берген баға жетпес байлығы, көздің қарашығындай сақтауды қажет ететін асыл қазына.
Шара барысында мінберге шыққан аудан әкімінің орынбасары мен қорық директоры бүгінгі шараның маңыһдылығына тоқталып, тұрғындарды табиғатты қорғауға, туған жердің тазалығын сақтауға шақырды. Әсіресе, жастарды экологиялық мәдениетке баулу – баршамызға ортақ міндет екені атап өтті.
Іс-арада аудан өнерпаздарды табиғат ана, Отан жайынды патриотты әндерді шырқан, мың бұралған бишілер өз өнерлерін ортаға салып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Ауданымызда әр аптаның жұма күні «Жалпыаудандық тазалық күні» болып белгіленген. Осы орайда, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясына үн қосып, әрқайсымыз туған жеріміздің көркеюіне өз үлесімізді қосайық!
Бұлақтардың көзін ашайық, өзендердің арнасын таза ұстайық, айналамызды көгалдандырайық!
Табиғатты қорғау – болашақты қорғау!
Туған жердің тазалығы – елдің тазалығы! Табиғатты бірге аялайық!
