Ақпарат Қоғам

Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі

Түлкібас ауданы, Абай атындағы мектеп-лицей базасында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен маңызды әрі мазмұнды кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Кездесу барысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселесі де ерекше назарға алынды. Мамандар психологиялық қолдау көрсетудің, сенімге негізделген диалог орнатудың және оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылаудың маңыздылығын түсіндірді. Бұл жастардың өз сезімдерін дұрыс бағытта пайдалануға, қиын жағдайларда көмек сұрауға және эмоционалды тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.

Сонымен қатар, рухани және моральдық құндылықтарды нығайту арқылы жасөспірімдерге өмірлік қиындықтарға қарсы тұру дағдылары үйретіледі. Оқушыларға отбасы мен мектеп қолдауын пайдалану, достық қарым-қатынас орнату және қауіп төнген жағдайда сенімді тұлғалармен байланысу жолдары көрсетілді. Мұндай шаралар жастардың психологиялық саулығын сақтау мен олардың жарқын әрі қауіпсіз болашағын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ісшараға Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Абилханұлы Мұрат қатысып, оқушылармен ашық форматта еркін пікір алмасу жүргізді. Кездесу барысында полиция өкілі заң талаптарын сақтау, қоғамдағы тәртіптің маңызы, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың салдары, оның ішінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері нақты мысалдар арқылы жеткізіліп, оқушылардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында оқушылар тарапынан заң, қауіпсіздік, интернеттегі қауіптер, жасөспірімдер арасындағы құқықтық мәселелерге қатысты түрлі сұрақтар қойылып, оларға жан-жақты әрі түсінікті жауаптар берілді.

Іс-шара аясында жастарды дұрыс өмірлік бағыт таңдауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға, бір-біріне құрметпен қарауға және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік жұмыстар жүргізілді. Осындай мазмұнды кездесулер оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың саналы, жауапты әрі белсенді азамат болып өсуіне ықпал етеді. Мектеп пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланысты нығайтып, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен септігін тигізеді.

Қатысты жаңалықтар

КЕЛІСТІ ОЙ КЕСІМДІ ҚОЛДАУЫН ТАПТЫ

azatmedia

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

azatmedia

СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

azatmedia