Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА 16 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНА ТҰРАДЫ

Түркістан қаласында өткен көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттау рәсімі ерекше мәнге ие болды. Бұл шарада Түркістан қаласы әкімінің міндетін атқарушы Байдулла Оразбеков көпбалалы аналардың қоғамдағы, отбасындағы рөлін жоғары бағалап, олардың ел болашағын тәрбиелеудегі зор еңбегін атап өтті.

– «Ананың мейірімі мен төзімі – ұлттың баға жетпес байлығы.» Марапаттау шарасы тек аналарға деген шынайы құрметтің белгісі ғана емес, олардың қажырлы еңбегіне лайықты бағасын беру мақсатында ұйымдастырылды, – деп атап өтті Байдулла Оразбеков.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 15 739 көпбалалы ана тұрады. Олардың ішінде:

  • 1 098 ана – «Алтын алқа» иегері,
  • 2 366 ана – «Күміс алқа» иегері,
  • 71 ана – «Батыр ана» атағын алған,
  • 95 ана – І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған.

Сондай-ақ, Түркістан қаласында 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп баласы бар 12 109 ана тіркелген. Бұл көрсеткіш Түркістан облысындағы демографиялық өсім мен аналардың қоғамдағы маңызды рөлін көрсетеді.

Марапаттау рәсімінде аналарға көрсетілген құрмет, олардың отбасы мен қоғамдағы орнының жоғары бағалануы көпбалалы аналардың еңбегін ел алдындағы абыройын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Бұл шара Түркістан өңірінде көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетудің және аналарға құрметтің айқын көрінісі.

Қатысты жаңалықтар

Полиция ескертеді: айыппұл төлеуді ұмытпаңыз!

azatmedia

САРЫАҒАШТА 300 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ТӨТЕНШЕ: СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ?

azatmedia