Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстағы этнос жастары арасында «Татулық – табылмас бақыт» пікірсайыс өтті. Ізгі іске «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық өкілдігі ұйытқы болды.
Сайыстың мақсаты – жастардың зияткерлік алаңын құру және олардың Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруда, насихаттаудағы белсенділігін арттыру, сонымен қатар этнос жастарының бойында құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, сыни ойлау және даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін қалыптастыру, қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді қарастыру арқылы шешендік қабілетті дамыту.
Жиынның ашылуында сөз алған «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Әсел Артакшинова, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев және «Қоғамдық келісім» басшысы Эльмира Жанғазиева іс-шараның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Пікірсайыста спикерлер қатарында «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері Надыржан Хасантаев пен Сорагүл Хамраева және Кентаудағы №16 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Елена Стрепкова болды.
Сайыс соңында қатысушылар ұтымды ой-пікірлерін ортаға салып, осындай іс-шаралар ел бірлігін бекемдеуге, мемлекеттік тілді дамытуға және оның қолданылу аясын кеңейтуге айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті.
Пікірталасқа қатысушыларға облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының атынан Алғыс хаттар табысталады.
Алдынғы жаңалық