Кентау қаласы мен оған қарасты елді мекендер бүгінде толықтай орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Бұл – тұрғындардың өмір сапасы мен экономикалық дамудың негізгі кепілі.
Қаланы жарықпен қамтамасыз етіп отырған екі ірі нысан – 220 кВ-тық «Кентау» және «Мырғалымсай» қосалқы станциялары. Аталған нысандар «KEGOC» АҚ теңгерімінде. Алайда бұл станциялардың техникалық тозуы да – бүгінгі таңда басты назарда тұрған өзекті мәселе.
Мысалы, 1961 жылы салынған «Мырғалымсай» қосалқы станциясының тозу деңгейі – 90%, ал «Кентау» станциясында бұл көрсеткіш – 68%.
Осы бағытта 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында нақты қадамдар жоспарланып отыр. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан аталған екі қосалқы станцияда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, 4 дана КТПН-10/6/0,4кВ трансформаторларын қайта құру жоспарға енгізілген.
2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Кентау электр желілері тарапынан бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:
2025 жылы екі ірі қосалқы станцияда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.
-ПС 35/6 кВ «Гормолзавод» – тозу деңгейі 80%дан – 30%-ға төмендеді.
-ПС 35/10 кВ «Атабай» – тозу деңгейі 85% – аталған қосалқы станция толықтай жаңартылады. (Қарнақ ауылы, Қарнақ көшесі)
Аталған бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 8,289 шақырым болатын 6 кВ кернеулі әуе электр желілері жаңғыртылатын болады:
-ВЛ-6кВ Л-606, Л-607 – 1,300 шқ 70%-дан – 0%-ға төмендейді.
-ВЛ-6кВ Л-606 – 0,619 шқ 70%- дан – 0%-ға төмендейді.
(«Хлеб Завод» ғимаратанынан ҚС (ПС) «ШТФ 35/6 кВ» дейін (Спатаев, Сейфуллин, Ерубаев, Бөгенбай батыр, Сауранбаев мүйісі, И.Қожабаев көшелерін қамтиды)
-ВЛ-6кВ Л-607 – 5,670 шқ 75% дан – 0%-ға төмендейді.
(«Хлеб Завод» ғимаратанынан «Қалалық орталық бассейнге» дейін (Аманжолов, Торайғыров, Бейбітшілік, Гаражная,Шахтерский, Дулатов көшелерін қамтиды)
-ВЛ-6кВ Л-1 – 0,700 шқ 75% дан – 0%-ға төмендейді.
(Қарнақ ауылы, Табиғат көшесін қамтиды)
-ТП-96-тен бастап Момышұлы, Яссауи және Төле би көшелері бойымен – 0,600 шқ 75% дан – 0%-ға төмендейді.
Жалпы саны 4 дана КТПН-10/6/0,4кВ трансформаторлық қосалқы станциялары қайта жаңғыртылады. Оның ішінде 2 дана қайта жаңғыртудан өтті:
-КТПН-5 (10/0,4 кВ, ТМ-400 кВА) 250кВА-дан↑400 кВА-ға артты.
(Қарнақ ауылы, Шаштөбе көшесі)
-КТПН-78 (6/0,4 кВ, ТМ-400 кВА) 250кВА-дан↑400 кВА-ға артты.
(Сатбаев көшесі)
Ал, 2 дана қайта жаңғыртудан ағымдағы жылы инвест. бағдарлама аясында өтеді:
-КТПН-16 (6/0,4 кВ, ТМ-630 кВА) 400кВА-дан↑630 кВА-ға артады.
(Сейфуллин көшесі)
-КТПН-39 (10/0,4 кВ, ТМ-400 кВА) 250кВА-дан↑400 кВА-ға артады.
(Сейфуллин көшесі)
Жалпы 312 дана ағаш бағаналар, ұзындығы 9,380 шақырым болатын 0,4 кВ әуе электр желілері СИП (өздігінен изоляцияланған сымдар) кабельдері арқылы жаңартылатын болады:
-ВЛ-0,4кВ КТП-6 – 3,500 шқ 70%- дан – 0%-ға төмендейді.
(Хантағы ауылы, Хантағы көшесі)
(116 дана бағана ауысады)
-ВЛ-0,4кВ КТП-7 – 2,880 шқ 70%- дан – 0%-ға төмендейді.
(Хантағы ауылы, Хантағы көшесі)
(96 дана бағана ауысады)
-ВЛ-0,4кВ МТП-60 – 3,000 шқ 70%- дан – 0%-ға төмендейді.
(Тоныкөк, Сүгір, Құлыншақ, Яссауи даңғылын қамтиды)
(100 дана бағана ауысады)
Бұл жұмыстар қаладағы жарық сапасын арттырып, болашақта ақаусыз, үздіксіз энергиямен қамтамасыз етудің нақты қадамы болмақ.