Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «КІМ БІЛГІР?» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» этнос өкілдерінің қатысуымен «Кім білгір?» интеллектуалды ойыны өтті.
Аталған шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді көздеген сайыстың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев бұл шараның талантты және білімді жастарды қолдауда маңызы зор екенін атап өтті.
Ақылдылар мен тапқырлардың басын қосқан сайыс 3 кезең бойынша өтті. Атап айтсақ, алғашқы кезеңде сайыскерлер «Мақал-мәтелдің жалғасын табу», 2-кезең «Жұмбақтың жауабын табу» және 3-кезең «Диалект немесе көнерген сөздердің мағынасын ашып айту» бойынша бақ сынады.
Сайысқа Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Әсел Артакшинова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева Эльмира төрелік етті.
Жарыс қорытындысында 1-орынды Кентау қаласының құрамасы, 2-орынды Төлеби ауданының құрамасы, ал 3-орынды «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің командасы иеленді. Сайысқа белсене қатысқан басқа да аудан, қалалардың командаларына ынталандыру сыйлықтары берілді. Осылайша, өңірдегі этнос жастары сайыста өз белсенділіктерін көрсетіп, қазақ тіліне жетік екендіктерін дәлелдеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев арнайы марапаттап, оларға Алғыс хаттарды табыс етті.

Қатысты жаңалықтар

Патерналистік үлгі

azatmedia

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ҮШІН АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

azatmedia

ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ БІРДЕН БІР КӨЗІ

azatmedia