Ақпарат

ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында АЭС салынуға байланысты референдум күзде өтетінін айтып, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек, деді. «Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды», — деген-ді Президент.
Елімізде АЭС салуға қатысты референдум 6 қазанда өтті. Орталық референдум комиссиясы дауыс берудің алдын ала қорытындысымен қазақстандықтардың 71,12%-ы АЭС құрылысын қолдағаны жөнінде ақпарат берді. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәнін зор деп бағалап, Референдум – тікелей демократияның өте тиімді тетігі. Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады деп айтты.
Қазақстанда АЭС салу жөнінде жалпыхалықтық референдумның өтуі қазақстандықтар үшін тарихи күн болып қалды десек те болады. Мемлекетіміздің дамуы үшін, экономикамыздың өсуі мақсатында, болашақ ұрпағымыздың жағдайына назар аударылған жөнінде шешім қабылданған күн ретінде тарихқа енді.
Айта кетейік, осынау маңызды шара барысында елімізде АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрылды. Оның құрамына 6 саяси партияның, сондай-ақ 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі кірді. Атап айтқанда, Парламент және мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар, еңбек сіңірген мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ азаматтық белсенділер.
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында Түркістан облысында құрылған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өкілдері, үгіт-насихат жұмыстарына белсене атсалысқан филиал қызметкерлері мен жастардан құрылған штаб мүшелері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Республикалық халықтық штабтың Төрағасы Ерлан Қошановтың, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің Алғыс хатымен марапатталды.
Алғыс хатта азаматтардың таңдауы еліміздің болашақта өсіп-өркендеуі мен экономикалық дамуына ықпал етеді, деп сенім білдірілгені айтылған. Сонымен бірге, елімізде тұрақты, экологиялық таза қуат көздері мен энергетика саласының болашағы жолындағы маңызды шешімге зор үлес қосқаны үшін рахметі жеткізілген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатын алғандардың қатарында болған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев өзге де марапат иелерін құттықтап, еліміздің дамуы жолында тағдыршешті оқиға болған АЭС салу бойынша жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына елеулі үлес қосқан барша азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, бұл марапат зор жауапкершлік жүктейтінін жеткізді.
Марапатталғандардың қатарында Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, «RESPUBLICA» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бейбіт Биназаров, «БАЙТАҚ» жасылдар партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Қадырбаев және ғалымдар мен мамандардан құралған штаб өкілдері бар.

Қатысты жаңалықтар

«Онлайн» саяхаттаңыз

azatmedia

БИТУМ ЗАУЫТЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ҚУАТЫМЫЗДЫҢ АРТУЫН ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia

БАЛАЛАРДЫҢ ҚУАНЫШЫН КӨРУ БІЗГЕ БАҚЫТ СЫЙЛАЙДЫ

azatmedia