Ақпарат Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Түркісан қаласының әкімі қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің жұмыс күні “Тұран” тұрғын үй кешенін аралап, кемшіліктердің қалпына келтірілуін тексерумен басталды.

Көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында анықталған олқылықтар, аумағын күл қоқыстарды тазарту бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков баяндады.

Құрылыс бөлімінің басшысы Нұркен Нақбаев мердігерлермен жүргізілген жұмыс жөнінде есеп берді. Қазіргі таңда мұнда аяқжолдардың бүлінген бөліктері қайта төселіп, кей үйлердің қасбеттерінің кемшіліктері кезеңімен атқарылуда.Сонымен қатар, аралау барысында қоқыс алаңдарын болдырмау үшін қабылданған шаралар мен орындалуын бақылау нәтижелері тексерілді.

Есім хан көшесінің бойындағы жанама жолдың жағдайы да назардан тыс қалмады. Техникалар асфальт төсеуге жол негізін әзірлеп таптау жұмысын бастаған.Нұрбол Әбдісаттарұлы аралау нәтижесімен барлық жауапты бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, мерзім белгіледі.

Қатысты жаңалықтар

Қарағандылық тұрғынды Түркістандық алаяқ алдап кетті

azatmedia

Сапалы ауыз су – ауылға

azatmedia

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia