Соңғы жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ЖАРЫС БАТЫР БАБАНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Ордабасы ауданы әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінде аудандық «Әкелер мектебі» 2020-2021 оқу жыл жоспарына сәйкес, ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерейтой қарсаңында классикалық күрестен халықаралық чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жыл толуына орай аудандық салтанатты жиын өткізілді. Жиынды жоспарға сай күрес өнерінен келген балуандарымызды қазақы нақыштағы киім үлгісімен қыздар ортаға алып шығып сапқа тұрғызылды. Ауданнан шақырылған қонағымыз Ордабасы аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Лесбек Жүсіп, орынбасары Қожагелдиев Асқар салтанатты жиынымызды ашып берді, Гимн орындалып, мектеп директоры Валиев Абай Тәжіханұлы,Ұлағат мектебінің директоры Жантөреев Кенжебек, Шерімқұлов мектебінің директоры Ақбөпе Өмірзақ өз жүрек жарды тілектерін айтты. Баскетбол ойынынан І орынды С.Сейфуллин мектебі, Кір тасын көтеру жарысынан І орын С.Мұқанов, Арқан тарту жарысынан Қажымұқан мектебі, Қол күрес жарысынан І орынды С.Мұқанов мектебі иеленді.Қазақша күрес жарысынаТемірлан ауылы,Қараспан ауылы,Төрткүл ауылы, Жеңіс ауылы,Ынталы ауылы, Қажымұқан округі, Бөген ауыл округі, Ордабасы ауылы, Төреарық ауылы, №3 интернат мектебі, Сарыарық ауылынан балуандар қатысып , Бадам аймағынан 50кг салмақта Елмұратов Мұхамеджан І орын. 46кг салмақта Әзімбай Мадияр І орын, 76кг салмақта Оразбек Нұрлыбек І орын, 35 кг салмақта Оразбек Ерсұлтан І орын, 42 кг салмақта Досымбай Заңғар І орын , 26кг салмақта Мырзагелді Саят, 65 кг салмақта Шекербек Асхат І орын иеленді. Жеңімпаздардың барлығы мараппатталды. Ауданымыздағы жастар мен жасөспірім жеткіншектеріміздің бос уақыттарында барлығы спортпен шұғылданатынын көрсетті. Қажымұқан атамдай балуандар көбейсін! Осындай ауқымды да тәрбиесі мол іс-шараны ұйымдастырған Қажымұқан мектебі мен «Ұлағат» мектеп басшыларына, мектеп ұжымдарына, жарысқа қатысқан түлектерге мың алғыс!

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

azatmedia

ОЛ ӨЗ АЛДЫНА ҰЗАҚ СҮРЛЕУ …

azatmedia

Өңір басшысы жол құрылысындағы атқарылған жұмыстар жайын баяндады

azatmedia