Соңғы жаңалықтар

2,4 миллион теңге сыйақы. «Үздік педагог» анықталады

 «Үздік педагог» атағын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады, –  деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-тегі жеке парақшасында жазды. Вице-министрдің хабарлауынша, биыл «Үздік педагог» конкурсының республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берген. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.

«Үздік педагог» атағының иегерлерін анықтайтын Конкурстық комиссия құрамында Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар комитетінің төрайымы, «Kazakhstan Parents Union» қоғамдық қорының төрайымы, Қоғамдық маңызды бастамалар қорының «Әлем мұғалімі – Қазақстанда» жобасының үйлестірушісі, «ADAL BILIM» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисінің сарапшылары, «Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының директоры, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, кәсіподақ, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

«Мұғалімдер күні қарсаңында Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады», – деп жазды вице-министр Шолпан Каринова.  

Айта кету керек, соңғы 9 жыл ішінде «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілген.

Қатысты жаңалықтар

Мұғалімдерді «ханым» және «мырза» деп атау ұсынылды

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ В ЭТОМ ГОДУ ПЛАНИРУЕТСЯ ТРУДОУСТРОИТЬ БОЛЕЕ 33 ТЫСЯЧ ЧЕЛОВЕК

azatmedia

Ерікті QAZCOVID-IN вакцинасынан қайтыс болса 500 мың теңге төлем жасалады

azatmedia

Пікір қалдыру