Соңғы жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінде «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық- педагогикалық қолдау» тақырыбында аудандық онлайн – семинар өткізілді. Семинарға білім беру мекеме басшылары мен бала бақша меңгерушілері қатысты. Семинардың мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық – педагогикалық қолдау және оларға кедергісіз ортаны қалыптастыру, арнайы оқу құралдармен қамтамасыз етуін талдау. Семинарды аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Т.Бәкір ұйымдастырды. Әдіскер аудандағы ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстардың жүргізілуі барысына тоқталып, білім беру ұйымдарының инклюзивті білім беруге дайындыққа не қажет екендігін айтып өтті. Арнайы сыныптар мен логопункттердің жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстарын түсіндірді. Семинарға Түркістан облыстық психологиялық – педагогикалық кеңес беру мекмексінің басшысы Шырынбекова Шарбат қатысып, ерекше білім беруді қажет ететін балармен жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне, анықтау жолдарына және оларға психологиялық педагогикалық қолдау көрсетудің ұйымдастыруын түсіндіріп айтып өтті. Сонымен қатар семинарға инкюзивті білім беруде тәжірибелі ұстаз А. Шерімкұлов атындағы жалпы орта мектебінің арнайы сынып мұғалімі Омаш Айжан Шапайқызы қатысып өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «БАР МЕЙІРІМІМІЗ – БАЛАЛАРҒА» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

azatmedia

Шымкентте белсенді жастарға арналған тың жоба бастау алды.

azatmedia

Шымкент мектебінде екі директор бар. Біреуін орнынан алуға ешкімнің қауқары жоқ

azatmedia