Соңғы жаңалықтар

Көше жолдары ретке келтірілді

Түркістан облысы, Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылдық округінің жолдары реттелуде, деп хабарлайды Azatmedia.kz.


Алпамыс батыр ауылдық округі бойынша 25 көше бар. Оның жалпы ұзындығы 25 шақырымнан астам жолды құрайды. Қазіргі таңда Ақжол елді мекенінде Жастар көшесіне ұзындығы 2121 метр тас шағал төселді. Аталмыш жоба құны 7,9 млн.теңгені құрап. Оның құрылыс жұмыстарын «АВК строй сервис» ЖШС мердігер мекемесі жүргізіп, толықтай аяқтап қолданысқа берілді.


Сондай-ақ Қауыншы елді мекенінің ішкі көшелерін «Достық спец транс» ЖШС мердіге мекемесі құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс нысанының жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайды. Шағал тас төсеу жұмыстарына мелекет тарапынан қаржы бөлініп отыр. Оның жалпы жоба құны 18,660 млн. теңге. Аталған құрылыс нысаны биылғы жылдың аяғынай дейін қолданысқа берілетін болады.

Еске сала кетейік, былтыр Ақжол елді мекені, Абай көшесінің 240 метр аралығына асфальт төселініп ел игілігіне берілді. Ақжол елді мекені, Жаңа құрылыс көшесінің 1,4 км аралығына тас-шағал төселініп, ел игілігіне берілді.


Ақжол елді мекені, Жастар көшесінің 2,1 км аралығына тас-шағал төселінген.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда бірқатар банкноттар айналымнан шықты

azatmedia

РЕЙТИНГ-2020: Әлемдегі ең бай 10 спортшы

azatmedia

МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру