Соңғы жаңалықтар

Министр шетелдіктердің қанша гектар жерді жалға алып отырғанын айтты

Қазақстанның 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін шетелдік қатысуы бар жеті кәсіпорын алып отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазіргі уақытта жалпы ауданы 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдік қатысуы бар жеті заңды тұлға жалға алып отыр», – деді ол сенат отырысында жер қатынастары туралы заң жобасын қарау барысында.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында 5,9 мың гектарды 1 кәсіпорын, Павлодар облысында 32,2 мың гектарды 1 кәсіпорын, Атырау облысында 1,6 мың гектарды 1 кәсіпорын және Ақмола облысында 34,7 мың гектарды 4 кәсіпорын жалға алған.

Сондай-ақ, айтуынша, екі шетелдік компания жұмыс істейді: Шығыс Қазақстан облысында 14,9 мың гектар алқапта 1 кәсіпорын және Жамбыл облысында 3,6 мың гектар алқапта 1 кәсіпорын.

Омаров бұл жерлер мораторийге дейін алынғанын атап өтті.

«Осы шетелдік компаниялардың ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алу мерзімі 2022 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде аяқталады. Тиісінше, жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа мерзімге ұзартылмайды, өйткені қазір талқыланып жатқан заң жобасы шетелдік жер пайдаланушыларға және әртүрлі бірлескен кәсіпорындарға жер беруге толық тыйым салуды қарастырады», деді министр.

Қатысты жаңалықтар

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАУЫП ЖАТЫР

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ АДРЕСНУЮ СОЦИАЛЬНУЮ ПОМОЩЬ ПОЛУЧИЛИ 7 597 СЕМЕЙ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК СОТ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

azatmedia