Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болды

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында Президент Қасым-Жомарт-Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты Ассамблеяның құрметті төрағасы болуды ұсынды, – деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Форумда Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея басшысының өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізіп беру туралы шешім қабылдағанын жариялады. Өз кезегінде Тоқаев Елбасыны Ассамблеяның құрметті төрағасы болуға шақырды. Бұл мәртебе 2019 жылы Қазақстан Республикасының бірінші президентіне берілген құрметті сенатор мәртебесіне ұқсас.

Ассамблеяның құрметті төрағасы болу туралы біздің ортақ ұсынысымызды қабылдауыңызды сұраймын. Бұл мәртебе мемлекет алдындағы тарихи қызметтеріңіз үшін сізге тиесілі. Ассамблеяның барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдайтынына сенімдімін, – деді Тоқаев.

Бұған жауап ретінде Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-дағы президенттің барлық бастамаларын қолдауға уәде етті.

Жаңа міндеттерді өзіме ала отырып, мен Ассамблеямен бірлесе жұмыс жасауды жалғастырамын. ҚХА Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдайды және біз алға жылжи береміз, – деп сөзін аяқтады Елбасы.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 100 МЫҢ КІТАП ҚОРЫ БАР КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА ЖЕТІСТІКТЕРІ

azatmedia

Д.Қыдырәлі: Тіліміз – татулықтың тілі болуы тиіс

azatmedia