Қоғам Соңғы жаңалықтар

Тиктокерлерді түлен түртті (видео)

Камера ұстаған үйдегі ұл-қыздар енді ерсі биін қойып, бейіт басында тренд түсіруге кірісті. Желіде 18 жастағы тараздық бойжеткеннің зираттағы видеосы тарап, дүйім жұрттың ашуына тиіп жатыр. Сонда қорымды қор қылғандардың ойлағаны не? Ал ас атасын аяғымен таптағандар кім?

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

«Нан қоқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар». «Нан қоқымын жесең, бай боласың». Иә, атам қазақ солай дейтін. Ал қазіргі жас бір тілім қара нанның қадіріне қаншалықты жетіп жүр?

Дарақылықтың неше атасын көрдік қой бұған дейін. Бірақ, жастардың ас атасын былай қор қылуын көріп, қорқасың дейді аға буын өкілдері. Дұрыс-бұрысын айту қайдам, мұндай трендің құрысын деп қысқа қайырды.

Қарлығаш Бекпатша, қоғам белсендісі:

Нанды қазақ өте қатты қадірлеген. Нанның түйіріне дейін жерге түсіп кетсе, несібең, ырысың деп теріп алған. нан тураған кезде нанның әжелеріміз нанның қиқымын аузына салып жеп қоятын. Соның бәрін біз көріп өстік. Оның барлығы тәрбиеден. Бұл жерде балаға өкпелеуге болмайды. Біз үлкенге өкпелеуіміз керек. баламыз дұрыс істемеді ме, демек бізден қателік бізден кетті.

Иә, түйткілдің төркіні тәрбие ғой әрине. Бірақ, жаланы үлкендерге жауып, жастарды үнемі сүттен ақ, судан таза қылуға бола ма?

Таныламын деп, бейіт басында тренд түсірген жастардан бір мысал. Әруақтарды мазақ қылған қазақ қызы Тараз қаласының тумасы екен. Алайда айтып, айтпай не керек? Хайп құмар ару соңында атақтың емес, жұдырықтың астында қалды. Әлдекімдер әдейі тауып, ұрып-соққан көрінеді.

Өзінің де, өзгенің де өмірін қатерге тігіп, көліктің астына қасақана түсіп жүрген ұл-қыздар да табылды. Қайта сәтін салып, әзірге ешкім зардап шекпеді.

Қарлығаш Бекпатша, қоғам белсендісі:

Өзі біздің қазақ менталитеті де сол ғой. Ұят болады, обал болады. сол тәрбиенің барлығы үзілгеннен кейін, ұрпақ сабақтастығы жоғалып, азғындыққа ұшырап, ұрпақтың жойылуына алып келеді.

Иә, көңілінің тоқтығы, тәрбиенің жоқтығы, аздырар адам баласын. Лүпілдің соңынан еріп, ерігіп жүрген жоғарыдағы кейіпкерлер соның айқын дәлелі іспетті.

Қатысты жаңалықтар

Әкімдік жер мәселесін шешуді қолға алған

azatmedia

КОНФЕРЕНЦИЯ АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ДЕМЕУШІНІҢ КӨМЕГІМЕН ЕКІ СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

azatmedia