Қоғам Соңғы жаңалықтар

Қызылорда полиция басқармасының бастығын ұсталды – БАҚ

Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы есірткі сатумен айналысқаны үшін ұсталды. Өткен тәулікте облыстық ішкі істер органдары басшылығына қатысты бірден екі қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады NewTimes.kz сайты.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шиелі ауданы полиция бөлімінің штаб басшысын ұстады. Оған аудан тұрғынының «қылмыстық іс бойынша көмек көрсеткені» үшін пара бергені туралы арызы себеп болған.

Сонымен бірге бүгін ҰҚК-нің Қызылорда облысындағы департаменті Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығын есірткіні сату мақсатында сақтағаны үшін ұстады.

Екі күдікті де уақытша ұстау абақтысына қамалды, тергеу жұмыстарының нәтижесі кейінірек хабарланады.

Қатысты жаңалықтар

«Сорақылық қой!»: қашықтан оқыту кезінде тағы да порнографиялық бейнежазба қосылды

azatmedia

ПСЕВДОСАЛАФИЛИКТІҢ АЛДЫН АЛУ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 9 АЙДА 20 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia