Қоғам

Қазығұртта ет экспорттау бағыты қарқынды дамып жатыр

Ет

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округі бойынша 2020 жылы шаруашылық кітабындағы малдардың есебіне тоқталсақ, ірі қара 6709 бас, 2916 бас жылқы, 19929 бас қой, 5251 бас құс болып тіркелген, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Жаңабазар ауыл округі бойынша ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржы институттарынан агроқұрылымдардың қаржы және мал алу жоспары бойынша 50 бас болса, қазіргі таңда жоспар толығымен орындалған. Сондай-ақ, шағын мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланған меже бойынша 4 бірлік болса, бүгінгі таңға 4 бірлік болып, 100%-ға орындалған.

Сонымен қатар, шағын жанұялық сүт фермаларды құру бойынша 3 бірлік, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша қой тұқымын асылдандыру мақсатындағы 300 бас мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы малының тұқымын асылдандыру мақсатындағы 25 бас жоспарланып, барлығы да толықтай орындалған.

Қазіргі таңда ауыл округі бойынша 151 кәсіпкер 3842 бас ірі қара мал, 35 кәсіпкер 1526 бас жылқы, 28 кәсіпкер 1750 бас қой бордақылауда және 115 жеке қожалықтар биылғы жылы сүт өндіріп, «Фуд Мастерге» өткізуде. Одан бөлек, Қарабастау елді мекенінде «Береке» шаруа қожалығы асыл тұқымды «Ангус» құнажындарын мал басын көбейту мақсатында 735 бас мал өсіріп, биылғы жылы 495 аналық бастан 166 бас бұзау алынған. Сонымен қоса 5 бас асыл тұқымды бұқа өсіріп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

«Сергек» жол полицейлерін жемқорлық табысынан айырды – Тоқаев

azatmedia

Электр қауіпсіздігі

azatmedia

Саяси салаға серпіліс әкелді

azatmedia

Пікір қалдыру