Қоғам

Жаңабазарда атқарылған іс көп

Туркстан

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округіндегі күл-қоқыс тастайтын полигонды күрделі жөндеу, қоршау бойынша ұсыныс берілген. Аумағы 5,2 га болатын күл-қоқыс полигонында қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы

Сонымен қатар, ауыл округінің ішкі жолдары бойынша Жаңабазар ауыл округіне қарасты елді мекендерді қиып өтетін КХ-29 авто жолын күрделі жөндеу жүргізу 2019 жылы басталып, 2021 жылы аяқталатын болады. Жалпы 2538387 мың теңге қаржы қаралып, мердігер «ХМСУ Шымкентмелиорация» ЖШС қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, 2020 жылы Қарабастау елді мекенінде 4,2 шақырым қашықтықтағы ескірген 116 дана электр бағаналары толығымен, Тілектес елді мекенінде 6,1 шақырым жердегі 180 электр бағанасы ауыстырылған.
Одан бөлек, «Бейнеткеш» мөлтек ауданы Ә.Ахабаев көшесі және Қ.Исаев көшесі бойына ауыл тұрғындары ұйымдасып жалпы 68 жарықтандыру бағаналары орнатылған. Оның ішінде 20 бағана күн сәулесінен қуат алады, ал қалғандары бағана тұсындағы үйлерге жалғанып берілген.

Қатысты жаңалықтар

Шудағы шу: Тергеу басталды

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

azatmedia

Көліктегі және автотұрақтардағы өрт қауіпсіздігі

azatmedia

Пікір қалдыру