Қоғам

ҚАЗІР МӘСЕЛЕНІ АЙҚАЙМЕН ЕМЕС, АҚЫЛМЕН ШЕШЕТІН КЕЗЕҢ

Жасыратыны жоқ, кейде ұлттық мәселеге келгенде партиоттығымыз күшейіп түрлі эмоцияға беріліп кететініміз бар. Соның соңы кейде түрлі жағдайларға ұласып кететіні бар.  Сондықтан қазір кез-келген мәселені байыппен, ел болып шешкен дұрыс.  «Бүгінде жер жүзінде геосаясаттың дүлей дауылы соғып тұр. Сондықтан мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын және ұлттық мүддемізді қорғауды көздейтін стратегиялық бағдардан айнымауымыз керек. Негізгі міндет – осы!» деді Президент «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында. Түсінгенге Мемлекет басшысы анық, айқын айтып отыр. «Ел ішінде дау көбейсе, ел сыртында жау көбейеді» деген дана халқымыз. Қазіргі анталаған заманда сыртқы жауды көбейтпес үшін ішкі даудан сақтануымыз керек.

Әрине, ұлттық намыс, жігер әр отандасымыздың қанында бар. Қазақстанның негізін құраушы да, басым көпшілігі де қазақ халқы. Өзге этнос өкілдері де Қазақстанды Отаным деп қарайды. Тарихи жерлерінен туған жерлері ыстық. Оның өздері де айтып келеді. Ендеше осы қазақстандық әрбір азамат жұмылған жұдырықтай болып тіршілік етуіміз керек. Бұл – еліміз үшін, тәуелсіздігіміз үшін маңызды. Бұл жайында да Президент: «Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз. Жаңа Қазақстанды құру – елді дамыту парадигмаларын өзгертуге бағытталған. Біз әр қадамымызды саралап, таңдаған жолымызбен алға сенімді қадам басамыз. Біз жаңа Қазақстанда «түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануға тиіспіз. Диалог пен мәміленің жоғары мәдениеті еліміздегі азаматтық ынтымақты арттыратын басты фактордың біріне айналады» деді.

«Бір басшыға мың қосшы» деген халқымыз. Барша отандастарымыз Мемлекет басшысы шегелеп айтқан мақсаттан айнымай, бір ту асында жинала алсақ, бізге бағынбас белес те, алынбас қамал да болмас. Сондықтан аласапыран заманда елдігіміз бен бірлігімізді көрсетейік. Түйіткілді мәселені сабырмен, ақылмен шешуге атсалысайық. Бұл – айқаймен емес, ақылмен өмір сүретін кезең!

Б.СЕРДӘЛІ, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-ң профессоры, журналист

Қатысты жаңалықтар

ЯСАУИ МҰРАСЫН ТЕРЕҢ ТАНУҒА ҮЛКЕН СЕРПІН

azatmedia

Саяси салаға серпіліс әкелді

azatmedia

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ АДАЛ АЗАМАТТАР ҚҰРАДЫ

azatmedia