Қоғам

ТҮРКІСТАН: КӘСІПОДАҚ АКТИВІМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы кезекті кездесуін Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК-ның Мақтаарал аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымында өткізді.Кездесуде ұжымдағы қызметкерлердің еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарының талаптарының орындалуы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Сонымен қатар, Сапарғали Шолданбаев бастауыш кәсіподақ ұйымының тыныс-тіршілігімен танысып, пікір алмасып, кәсіподақ мүшелерінің қойылған сұрақтарына тұшымды жауаптарын берді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

azatmedia

Жатақханалар, қонақ үйлер, хостелдер мен кемпингтердегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері

azatmedia

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері

azatmedia