Қоғам

Қазығұртта бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізіледі

202020230220

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округі бойынша Жаңабазар елді мекені «Бейнеткеш» мөлтек ауданынан мектеп құрылысына 2 га жер телімі беріліп, 2018 жылы мектептің ЖСҚ-сы 3,0 млн тенгеге әзірленген, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қазіргі таңда сараптама қортындысы алынып, 2020 жылы құрылысты жүргізу бойынша қаржыға ұсынылып, нәтижесі күтілуде. Одан бөлек, 2021 жылы Жаңабазар елді мекені «Бейнеткеш» мөлтек ауданынан қызметтік 2 тұрғын үй салу жоспарланған.

Сондай-ақ, Жаңабазар ауыл округі бойынша медицина саласын жақсарту бойынша алдағы уақытта Жаңаталап елді мекенінен ФАП салу жоспарлануда. Қазіргі таңда жерге шешім шығарылып, мемлекеттік АКТ алынған. Ендігі жерде құрылыс жүргізу бойынша Мемлекет жекеменшік әріптестік аясында бәсекелестік ортаға беріліп, жеке инвесторлар есебінен салынатын болады.

Сонымен қатар, Жаңабазар ауыл округі бойынша электр қуатының төмендігіне байланысты былтырғы жылы бірқатар елді мекен тұрғындары тарапынан тарнсформаторларды жаңалау жөнінде ұсыныс түскен болатын. Соған сәйкес қазіргі таңда Жаңабазар елді мекені Бейнеткеш мөлтек ауданында – 3, Қарабастау елді мекенінде – 2, Жеңіс елді мекенінде – 2 дана КТП орнату үшін жердің құжаттары толығымен жасалынып біткен. Ендігі жерде аталған КТП қажеттілігі бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс ретінде енгізіліп отыр.

Қатысты жаңалықтар

Масылдық – қоғам індеті

azatmedia

Имандылық, ізгілік, сүйіспешілік

azatmedia

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

azatmedia

Пікір қалдыру