Қоғам

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Жарқыра, жаса, жас маман!

Бүгінгі тақырып Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылы «Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде көркем еңбек пәнінен, қосымша білім беру педагогы Айнұр Сапарқызы туралы болмақ.Сапарқызы Айнұр Өзбекстан Республикасының тумасы. Ол 1993 жылдың 01 қаңтарында аграномдар отбасында дүниеге келген.1999 жылы Жыззақ облысы Мырзашөл ауданына қарасты Гагарин елді мекеніндегі Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін мектепті 2006 жылға дейін білім алып, 2006 жылы отбасылық жағдаймен Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылындағы Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектепке қабылданып 2010 жылы бітірді. Сол жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік инвестициялық университетіне оқуға түсті. Осылай Айнұр Сапарқызы 2017 жылы Шұбарсу ауылындағы «Айназия» бөбекжай балабақшасында алғаш еңбек жолын жас ұрпақты тәрбиелеу мен алғаш танымын дамытып білімін ашатын тәрбиеші қызметімен еңбек жолын бастаған. 2020-2021 оқу жылында өзі білім алған мектепке мектепалды даярлық сынып педагогы болып қабылданды. 2022-2023 оқу жылында қосымша білім беру педагогы болып ауысты.Осы аталмыш мектепте «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Айнұр Сапарқызы өскелең жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі қол еңбектерінің жасалу техникасын үйретіп, жеткіншектерге қол еңбегінің маңыздылығын түсіндірумен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен қоса білім алушылардың дарынын аша отырып қол еңбегіне деген қызығушылығын арттыруда.Айнұр Сапарқызының ойынша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейтін бақ. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Сондықтан болар «Шәкіртсіз ұстаз- тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адамды да ұстаз деп санайды. Себебі, шәкіртіне өнер, білім, әдеп пен тәрбие, кәсіп үйреткен жанды еш ұмыту мүмкін емес. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай, уақытпен санаспай әр шәкіртінің болашағы үшін алаңдайтын ұстаздың еңбегі еш кетпейді деп үміттенеді.Олай болса Айнұр Сапарқызының бүгінгі күнге дейін алған білімі мен жеткен жетістіктері мен марапаттарына тоқтала кетсек.2017 жылы Ордабасы ауданы бойынша өткізілген тәрбиешілер сайысында жүлделі 1 орынды иеленіп «Жылдың ең үздік тәрбиешісі – 2017ж» марапатталды.2017 жылы «Педагог» әдістемелік кеңес орталығының директоры пғк: Б.С.Ногайбекованың 8 сағаттық курсын оқып 11.08.2017 жылы №439 Сертефикатымен.2018 жылы Ордабасы ауданының кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Сәдірмектің № 1844 Құрмет грамотасы,2019 жылы Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» семинар-тренингіне қатысып Қ.Катшабаев №10410 Сертефикатын алды.2020 жылы Ордабасы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаевадан мектепішілік семинар сабағын жоғары дәрежеде ұйымдастырып, тәжірибесімен бөліскені үшін № 1298 Алғыс хатпен марапатталады.2021 жылы «Дарынды жастың тірегі – білікті ұстаз» атты республикалық байқауына қатысып Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігінің №17487_Ж Алғыс хаты мен Сертификаты және Республикалық «Өрлеу» порталының № U00003 Құрмет грамотасымен марапатталды.2021-2022 оқу жылындағы «Білімді ұлт- тұрақты даму кепілі» тақырыбында өткізілген аудандық тамыз конференциясының секция отырысында құнды баяндама жасағаны үшін Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаевадан № 3323 Алғыс хатымен марапатталады.2021 жылы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ж.С.Акылбековадан № 77 Алғыс хатымен марапатталады.2022 жылы Қазақстан Республикасының педагогикалық шеберлік орталығының «Баланы ерте дамыту бағдарлары» бағдарламасы бойынша 170 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтап 14.09.2022 жылы Сертификат иегері.2022 жылы «Заттық – кеңістіктік орта құруда балалардың эмоционалдық дамуына, жеке тәсілді күшейтуге және баланың қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинарда инновациялық, озық идеяларымен бөліскені үшін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Б.Төлімбеттен № 2119 Мадақтамамен марапатталады.2022 жылы «Дәстүрлік пен жаңашылдықты үндестіре отырып тәрбие жұмысын ұйымдастыру » тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда жоғарғы дәрежедегі инновациялық идеялары және тәжірибесімен бөліскені үшін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Б.Төлімбеттен № 777 Мадақтамамен марапатталады.2022 жылы VIIХалық ойындарына арналған ауыл тұрғындары арасында волейболдан Ордабасы ауданынан облысқа іріктеу жарысынан I- орын алғаны үшін Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Жылқыбайдан Грамотамен марапатталды.2022 жылы Түркістан облысы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Өзін-өзі тану: Шүкіршілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінде мұғалімдер арасында ұйымдастырылған «Жеті қазына » байқауына қатысып мектеп директоры Ж.С.Акылбековадан № 11 Дипломмен марапатталады.2023 оқу жылында Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры м.а. К.Казанбаевадан № 262 Алғыс хатымен марапатталады.2024 жылы Ордабасы ауданының білім бөлімінің «Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты мұғалімдер арасында өткізілген байқауда ерекше дарынымен көзге түсіп, I- орын иеленгені үшін мектеп директоры Ж.С.Акылбекованың № 01 Мадақтамасымен марапатталады.2024 жылы » Шығармашылық жұмыстар шеберханасы» облыстық байқауына қатысып Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Төлімбеттен № 1737 III дәрежелі Дипломмен марапатталады.2024 жылдың 11 мамырында Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік Орталығы және Ұлттық Білім Академиясының қолдауымен білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Оқытуда инновациялық әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында Халықаралық Семинар- практикумына көрмедегі үздік туындысы үшін Дипломмен марапатталып қатысқаны үшін Сертификат берілді.»Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»- деп ұлы ұстазЫбырай Алтынсарин айтқандай дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық ету.Мұғалім барлық мамандық иесі өскелең ұрпақты өз отбасымен қатар тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жан. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаздан тәрбие мен білім алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әр баланың өмір жолынада мәңгі жанар шамшырғы іспетті. Ел қорғаған батыр да, ғылым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан темірші де, егін еккен диқан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі де ұстаздан білім, тәлім мен тәрбие, өнеге алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы сөзсіз құрметпен бас иеді. 

Қатысты жаңалықтар

АЭС: мамандар елімізде даярланады

azatmedia

Шөпті жинау науқанында өрттерге жол бермеу 

azatmedia

Мектеп директоры орынбасарын ұрып өлтірді

azatmedia