Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: МАСАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ЕГУДІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР –КЕҢЕС ӨТТІ

Жуырда облыс әкімі Ө.Шөкеевтің қатысуымен Қазығұрт ауданында «Түркістан облысында тәлімі жерде сүр танаптың алқабын қысқарту мен масақты дақылдарды тікелей егудің тиімділігі» тақырыбында семинар өткен болатын. Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыс басшысының тапсырмасын орындау мақсатында семинардың маңыздылығын ескере отырып, жаңа технологияларды ауданның шаруаларына кеңінен насихаттау мақсатында аудан әкімінің төрағалығымен семинар-кеңес өтті. Карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілген семинарға аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары, ауылдық округ, кент әкімдері, масақты дақылдарды егумен айналысатын шаруа қожалық төрағалары қатысты.Семинар-кеңес барысында қатысушыларға аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Жәнібек Керімқұлов «Ноу – Тиль», яғни нөлдік технология бойынша егіс егудің тиімділігі кеңінен түсіндіріп өтті. Аталмыш технологияның дәстүрлі егін егуден ерекшелігі, егіп жүргеніміздей жерді жыртпай-ақ өткен жылғы дақылдың сабанын егістікте қалдыра отырып, арнаулы дән сепкіштермен (сеялка) егіс егу болып есептеледі. Яғни, шаруалар артық жанар май мен жұмыс күшін және уақытын жер жыртуға жұмсамай, бірден егу жұмысымен айналысады. Бұл технология ауыл шаруашылығы дамыған Америка елдерінде 50 жыл бұрын, Европа елдерінде соңғы 30 жылдан бері белсенді қолданылып келе жатқан әдіс. Атап айтатын болсақ, жылына Канада мен Аргентинада 30 миллион гектардан астам, АҚШ-та 25 миллион гектар егістік нөлдік технология бойынша егіледі екен. Демек, бұл олар үшін жаңалық емес, керісінше 50 жылдан бері тиімділігіне әбден көздері жеткен, дәнді-дақылдарды егудің озық технологиясы саналады.Жиын барысында шаруалар тарапынан семинар тақырыбына сай түрлі сауалдар қойылып, нақты жауаптар берілді. Семинарға қатысқан ауданымыздың ірі шаруа қожалықтары саналатын «Бес Жал» ӨК-нің, «Бидай» және «Мақұлбек» ЖШС-нің төрағалары келесі егін егу науқанына аталмыш технологияны қолдануға бел буып отырғандарын жеткізді.Семинарды қорытындылаған аудан басшысы алдағы егіс егу науқанына аталмыш егін егу технологиясына қажетті ұрық егуге арналған арнайы техникаларды(сеялка) алу жолдарымен бөлісіп, әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ДЕПУТАТТАР МҰҚТАЖ ЖАННЫҢ ҮЙІНЕ ГАЗ ТАРТЫП БЕРДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ «MEDIA CAMP» ТУРИСТТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

azatmedia

ЖОЛДАУДА ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛҒАН

azatmedia

Пікір қалдыру