Соңғы жаңалықтар

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЕСЕП БЕРДІ

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен тонау қылмысы 66,7%-ға, адамдар тобы болып жасалған қылмыстар саны 72,1%-ға, ал қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 29,1%-ға төмендеген. Бұл жайында бүгін аудан тұрғындарының алдында карантинге байланысты онлайн режимде өткен есебінде аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Мейрхан мәлімдеді.Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен жиынға аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Өтепбай Маткеримов, полиция бөлімі бастығының орынбасарлары мен қызметкерлері қатысты. Ал ауылдық округ, кент әкімдері, округтердегі ардагерлер кеңесінің төрағалары мен қоғамдық кеңес төрағалары және тұрғындар жиынға тікелей эфир арқылы қатысып отырды. Жиында аудандық полиция бөлімінің басшысы 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар барысын кеңінен баяндап, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауап берді.Баяндамашыны тыңдап болған соң аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Өтепбай Амалбекұлы бастаған қоғамдық кеңес төрағалары полиция бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы да полиция жұмысына оң бағасын беріп, тікелей эфирде бақылап отырған ауыл әкімдеріне құқықбұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздік тек қана полицияның жұмысы емес сондай-ақ әкімдіктің де тікелей міндеті екеннін алға тартып, осы бағытта халыққа түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл жұмысқа округ әкімдігі жанындағы қоғамдық және ардагерлер кеңесі ат салысуы керек деді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АВТОКӨЛІК ШЕРУІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ В ГОД ВЫПУСКАЕТСЯ 120 ВЫСОКОВОЛЬТНЫХ ТРАНСФОРМАТОРОВ

azatmedia

Жастар арасында діни иммунитет қалыптастыру

azatmedia

Пікір қалдыру