Соңғы жаңалықтар

Жээнбеков отставкаға кетуден бас тартты

Azatmedia.kz. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қазір емес, елдегі парламент сайлауынан кейін ғана қызметтен кетуге дайын. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Толғанай Стамалиева мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости

Сәрсенбі күні Қырғызстанның қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков жаңа премьер-министр Садыр Жапаровпен кездескен болатын. Баспасөз мәліметінше, кездесуде «премьер президент бүгін кешке отставкаға кету керек деген талабын айтқан».

«Сооронбай Жээнбеков қазір президент лауазымын тастап кете алмайтынын тағы атап өтті. Бұл мемлекет үшін кері әсер етеді және ойламаған жайдайға әкеп соғуы мүмкін. Ол 2020 жылғы 9 қазанда айтқан позициясын ұстанатынын еске салды. Ол бойынша, елді құқықтық алаңға қайта келтіргеннен кейін – парламент сайлауы өткен соң, елдің жаңа президентін сайлау туралы жарияланғаннан кейін отставкаға кетеді», – деді Стамалиева.

Қатысты жаңалықтар

Мұнай-газ саласының алпауыты жұмысшыларын 10 пайызға қысқартпақ

azatmedia

Сарыағаш: Дербісек ауылдық округінде санитарлық талаптар қатаң сақталуда

azatmedia

Боратты ұстау операциясы. Бүркіттің діттігені не?!

azatmedia

Пікір қалдыру