Соңғы жаңалықтар

Оралда жаға ұстатарлық жайт болды (видео)

Оралда әкімдік қызметкері тапа-тал түсте бұрынғы әйелін пышақтап тастады. Денесі 18 жерінен пышақталған 30 жастағы келіншек ауруханада жан тапсырды, – деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қылмыс жайында куәгерлер хабарлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, жарақатының ауырлығынан тіл тартпай кетті. Күдіктінің қайда қашқанын да куәгерлер көрсеткен. Көп ұзамай полиция оны қаланың ортасынан ұстады. Көлігінен қан іздері мен қылмыс жасалған пышақ табылды.

Ресми ақпарат бойынша күдікті осыдан екі күн бұрын әкімдіктен өз еркімен қызметтен кетіпті-міс. Ал әйелімен ажырасқан екен. Оған араларындағы жанжал мен еркектің қол жұмсауы себеп. Күйеуінің үстінен арыз да жазған көрінеді. Бірақ кейін оны қайтарып алыпты. Қылмысқа қызғаныш себеп болды деген болжам бар. Марқұмның артында екі баласы қалды.

Болатбек Белгібеков, БҚО ПД ресми өкілі:

– Күдікті жиырма минутта ізін суытпай ұсталды. 30 жастағы жәбірленуші ауыр жарақаттан ауруханада жан тапсырды. Тергеу амалдары басталды, күдікті тергеу абақтысына қамалды.

Қатысты жаңалықтар

АКИМ ГОРОДА В РЕЖИМЕ ОНЛАЙН ПРОВЕЛ ПРИЕМ ГРАЖДАН

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

azatmedia

Қазақстан ауған босқындарын қабылдайды ма – СІМ түсініктеме берді

azatmedia