Ақпарат

Қазығұрт кәсіпкерлері бірқатар істерді қолға алған

Кәсіпкерлер

Қазіргі уақытта Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылдық округінде 12 ЖШС, 9 өндірістік кооперативтер мен 166 шаруа қожалығы бар. Шағын және орта бизнес бойынша 10 дүкен, 1 тойхана, 1 дәріхана мен өзге де 44 нысан бар, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Сондай-ақ, «Сапа-2002» ЖШС директоры Аширов Нұржан Сапабекұлы 4,2 миллион теңгеге дәрі сепкіш, 50 млн 248 мың теңгеге комбайн, 6,3 миллион теңгеге пресстеу техникаларын сатып алу бойынша Қазығұрт аудандық статистика басқармасына жалпы суммасы 60,748 миллион теңге инвестицияға құжаттарын өткізіп жатыр.
Одан бөлек, ауыл округіне қарасты «Мардан» ШҚ балық шаруашылығын дамытуға өз қаржысы есебінен 100 млн.теңге бөліп, Ақбастау су қоймасында балық өсіруді қолға алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «Тұрапбай» ШҚ ешкі сүтін өндіру бағыты бойынша Алматы облысынан 300 бас ангор ешкісін 7,5 миллион теңгеге сатып әкелген.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Шарбұлақ ауылдық округіне қарасты жайылымдық жерлерді QOLDAU.KZ порталына ендіру жоспарында 6948 гектар жер болса, бүгінге дейін 3646 гектар жер телімінің картасы сызылып, жоспар 52 пайызға орындалған. Аталған жұмыстар жалғаса береді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКИЯНЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

В Шымкенте в рамках эко акции «Таза Қазақстан» проходит неделя «Өнегелі ұрпақ»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АЙРЫҚША БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру