Ақпарат

Түркістанда тігін жұмысы, етек жайып келеді

Тігін

Қазіргі уақытта еліміздегі табысы аз, тұрмыстық жағдайы төмен, жұмыссыз, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар мен әлеуметтік көмектер тағайындау науқаны үздіксіз жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Осы орайда 505 мың теңгелік мемлекеттік гранттар арқылы өз кісібін өрбітіп отырғандар жетерлік.

Солардың бірі Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Феруза Пазылова. Ол өзінің кәсіптік жобасын қорғау арқылы 505 мың теңгелік грантты ұтып алып, өзі тұратын елді мекеннен шағын тігін цехын ашқан.

«2019 жылдың желтоқсанында 505 мың теңге грант ұтып алып, тігін машинасын сатып алдым және өзім сияқты тағы бір тігіншімен қосылып осы цехты аштық. 40 мың теңге аренданы бөліп төлейміз. Мен көрпе-төсек ал серіктесім киім-кешек тігеді. Ай сайын 60-70 мың теңге таза табыс қалтамда қалады», – дейді тігінші кәсіпкер.

Қазіргі уақыттағы карантинге байланысты 10.00 ден 16.00-ге дейін жұмыс істеп жатқан Пазылова Феруза осы мамандық бойынша 3 ай курс оқыған.

Қатысты жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТУДЕ

azatmedia

АРМАН АБДУЛЛАЕВ: БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМДІ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ҚОЛДАНУ ҚАТАҢ ТАПСЫРЫЛДЫ

azatmedia

Ақын жігіт президент алдында елдегі «былықтарды» өлеңмен жайып салды (видео)

azatmedia

Пікір қалдыру