Ақпарат

Карантинде қызын ұзатқан экс-депутат құдасымен бірге қамалды (видео)

Өзбекстан

Әзербайжан президентінің аттасы даудың ортасында қалды. Бұрынғы депутат карантинге қарамастан қызын ұзатқаны үшін жазаға тартылды деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап

Даулы салтанатты рәсім 18 тамыз күні өткен. Өз балаларының тойын Әзербайжан парламентінің экс-депутаты Ильхам Алиев пен құдасы Ровшан Мұстафаев атап өтпек болған деп жазады Qazet.az.

Нәтижесінде әзербайжандық сот карантин режимін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Екеуі де 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

6 қыркүйек күні олардың қамауға алынған уақыты аяқталып, Алиев пен Мұстафаев бостандыққа шықты.

Алиев тұтқынға алынған соң өзімен аттас президенттен және Әзербжан президентінің бірінші вице-президентінен, сондай-ақ, күллі халықтан кешірім сұрады.

Қатысты жаңалықтар

Судан тапшылық мәселесі туындамайды

azatmedia

Алматы облысында екі мұғалім оқушы қыздарды зорлаған

azatmedia

«2024 жылы коронавирус бұдан ауыр ауру болады» – Бақыт Жұматова

azatmedia

Пікір қалдыру