Ақпарат Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендетіле ме? – министр жауабы

пенсия

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі онлайн брифингте Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендетіле ме деген сауалға жауап берді деп жазады Azatmedia.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Журналистердің пікірінше, коронавирус пандемиясы көптеген қазақстандықтардың денсаулығында проблемалар бар екенін көрсетті. Олар азаматтардың барлығы бірдей зейнеткерлік жасқа дейін өмір сүре бермейтінін айтқан.

Осыған байланысты БАҚ өкілдері Қазақстанда зейнетке шығу жасы қысқарады ма деп сұрады. Бұған жауап ретінде Біржан Нұрымбетов қазір министрлер кабинеті зейнеткерлік жасты төмендету мәселесін қарастырып жатпағанын мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта билік тұрғындардың табысын арттыру мақсатында жұмыс істеп жатыр. БЖЗҚ-ға аударымдардың мөлшері тікелей осыған байланысты. Тағы бір міндет – жұмыспен қамтуды арттыру. Ең алдымен, халықтың ресми жұмыспен қамтылуы және қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің кірістілігі маңызды.

Айта кету керек, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер 59,5 жасында, ер адамдар – 63 жасында зейнетке шыға алады. 

Қатысты жаңалықтар

ОРДАБАСЫДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР

azatmedia

Lower Mortgage Rates Push More Borrowers To Refinance

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН

azatmedia

Пікір қалдыру