Шоу-бизнес

Қарақаттың алтыншы қызы

Қарақат

Жұлдызды дуэт Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасында тағы да қуаныш болып жатыр. Қарақат Әбілдина алтыншы сәбиін дүниеге әкеліп, тағы бір қыздың анасы атанды. Бұл туралы әншінің жары Қыдырәлі Болманов өзінің Instagram парақшасында хабардар етіп, жұрттан сүйінші сұраған, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпарат порталы.

«Сүйінші, сүйінші, қазақ елі ! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып, тағы бір тәтті-ақ қыз берді… Алла қосқан ақ Қақатым балпанақтай бөпе әкелді өмірге! Аса қамқор Аллаға сансыз мадақтар болсын, Қазақ елі ! Қуанышты бөліссең көбейеді деген… Перзент сұрап жүрген жандарға құдіреті күшті Алла көптеген бөпелер бергей! Әрбір отбасына бақыт берсін!», – деп жазған өзінің Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары Қыдырәлі мен Қарақаттың қуанышына ортақтасып, ақжарма тілектерін жаудыруда.

Сонымен қатар, бұл қуанышпен қос әншінің өнердегі достары да бөлісіп, елден сүйінші сұрап жатқанға ұқсайды. 

Алтынай Жорабаева «Сүйіншііі Аяланың сіңлісі дүниеге келді! Қарақат құрбымыз аман-есен аяқ-қолын бауырына алып, қыз босанды. Аллаға шүкір! Қыдырәлі мен Қарақат 4 ұл 2 қыздың ата-анасы @kydyrali_bolman @karakat_a @ayala_kydyrali Бауы берік болсын!» деп құтты болсын айтыпты. 

Қатысты жаңалықтар

«Іш киімдеріне дейін көрсетеді»: қазақтың салтын сынға алды

azatmedia

«Балаларыңды үйге қайтар. Олар далада қалды» – Қайрат Нұртас елден сөз естіді

azatmedia

Қайрат Нұртастың жұбайымен түскен видеосы қызу талқыға түсті (видео)

azatmedia

Пікір қалдыру