Соңғы жаңалықтар

100 ПАЙЫЗ БЕЙНЕ БАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түлкібас ауданында білім ошақтары 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтылған. Бұл жайында бүгін аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Қадірбеков мәлімдеді.Бүгін аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен жоспарға сәйкес ІІІ-тоқсанның құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомство-аралық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі және ретсіз сауданы болдырмау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құралған комияссиялардың отырысы өтті.Отырыста аталмыш бағыттардағы өзекті мәселелер талқыланып, алдын алу шаралары нақтыланды. Күн тәртібіне сәйкес түрлі салалардың жауапты өкілдерінің баяндамасын тыңдап шыққан аудан басшысы қоғамдық қауіпсіздік мәселесімен қатар әлеуметтік желідегі алаяқтықты алдын алу бойынша және көшеде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Аудандық полиция бөлімімен ішкі саясат бөліміне қоғамдық ахуалды алдын алу мақсатында арнайы әлеуметтік мониторинг тобын құруды жүктеді. Сонымен қатар, қауіпсіздікті күшейту мақсатында білім бөлімінің басшысына аудан аумағындағы барлық білім мекемелерінің сыртқы қоршауларын толық ретке келтіру мәселесі басты назарда екенің алға тартып, аталмыш мәселені демеушілер есебінен іске асыруды тапсырды.Сондай-ақ, Нұрлан Мархабатұлы әр комиссияның отырысында 1 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдаудағы бағыттарды іске асыру мәселесінің бар маңыздылығын ескеріп, Жолдауда айтылған сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселесіне кеңінен тоқталып өтті. Басшылық құрамға егерде қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасайтын болса басшысы жұмыстан босатылатындығын ескертті.

Қатысты жаңалықтар

Beverage Industry Capitalizing on Countries with Fewer Health Regulations

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

azatmedia

Study Paid for by Grain Industry Says White Bread Not so Bad

azatmedia

Пікір қалдыру