Ақпарат

КЕЛІСТІ ОЙ КЕСІМДІ ҚОЛДАУЫН ТАПТЫ

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен жүздесіп, еліміздің дамуында стратегиялық мәні бар энергетика кешенін жаңғыртуға арналған бастама жөнінде мағлұмат берді. Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндіктері туралы ғалымдар мен сала мамандары беріп жатқан ақпараттарға шолу жасап, тиімділіктері жайлы ой бөлісті.Аудандағы Т.Бигелдинов, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептерде өткен кездесулерде штаб мүшелері елімізде атом энергетикасын дербес дамыту бағытында қажетті ғылыми және инженерлік ресурстар бар екенін айтты. Осы санатта Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Алматы қаласындағы Ядролық физика институты бар екені мәлімделді. «Бұл институттар атом электр станциясын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету рөлін атқарады, ал қызметкерлері халықаралық МАГАТЭ сарапшылар құрамына кіреді», – деді Халықтық штаб мүшесі Бауыржан Елеусіз.Ауданның орталық стадионында Халықтық штаб өкілдері спортшы жастармен кездесіп, атом электр станциясының ел болашағы үшін маңыздылығын түсіндіріп өтті. АЭС құрылысы Қазақстан экономикасы үшін энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, заманауи технологияларды енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарында жаңа мүмкіндіктер ашатыны жария етілді.Келестік ұстаздар мен спортшылар жалпыхалықтық референдумға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге дайын екендіктерін жеткізіп, еліміз үшін тағдыршешті таңдауда дамуға бастайтын прогрессивті идеяны қолдауға дайын екендіктерін білдірді.  

Қатысты жаңалықтар

ШТАБ ӨКІЛДЕРІ-ОРДАБАСЫДА

azatmedia

Қауіпсіз әрі ыңғайлы

azatmedia

МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

azatmedia