Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік көмекпен әлеуетін түзеген

Түркістан облысының Келес аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына 2020 жылдың алғашқы бес айында Бірлік ауылдық округінен атаулы әлеуметтік көмек алуға 343 отбасы өтініш білдіріп, оның ішінде 284-іне шартты, екеуіне шартсыз АӘК тағайындалған және 57 отбасының өтінішіне жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Айта кетерлігі, ауылдық округтегі АӘК алушылардың барлығы қазақ ұлтының өкілдері және ешқайсысы сотты болмаған. Ал, атаулы әлеуметтік көмек алатын көп балалы аналар саны – 158.

Сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 199-ы тұрақты жұмыспен қамтылған болса, 2 адам өзінің жеке кәсібін ашып, жұмысын дөңгелетіп отыр.

Аудан көлемінде экономиканы әртараптандыру мақсатында атқарылып жатқан шаруалар шаш етектен. Өйткені әлемдік дағдарыс алқымнан алып тұрғанда тығырықтан шығатын жол керек. Осыған орай қабылданған арнайы мемлекеттік бағдарламалар барша қазақстандық кәсіпкерлердің игілігіне жарап отыр. Оған облыс орталығында күн құрғамай іске қосылып жатқан кәсіпорындар, өндіріс орындары мен шаруашылықтар нақты дәлел бола алады. Осыдан-ақ қала жұртшылығының еңбекке етене жақын, кәсіпке икемді екенін анық аңғаруға болады.

Еңбекке бас имегеннің ұрты майланбайтыны анық. Осыны ескерген ауыл тұрғындары ақ адал еңбектерімен тұрмыстарын түзеп келеді. Осынша несібені еншілеген шаруалар алдымен Аллаға, содан соң оған себепкер болған Елбасы саясатына үлкен алғыстарын айтады. Тырбанып тіршілік еткен азаматтардың үлкен ісі өзгелерге де үлгі болғандай.

Қатысты жаңалықтар

ДЕРБІСЕКТЕ АЛТЫ ЖҮЗДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНАТЫН БОЛАДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АШЫЛҒАН «СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТЕ» 82 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛУДЕ

azatmedia

ШАХМАТ ЖАРЫСЫНДА 20 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЙ МЕКТЕПКЕ БҰЙЫРДЫ?

azatmedia

Пікір қалдыру