Соңғы жаңалықтар

«ЫРЫС АЛДЫ-ЫНТЫМАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Дербісек ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай «Ырыс алды-ынтымақ» форумы өткізілді. Жиынға Дербісек ауылдық округінің тұрғындары, ауыл жастары, зиялы қауым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.Форумының мақсаты-аудан жұртшылығының бірлігін нығайту, дамыту, ұлтаралық, дінаралық келісім жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының тиімділігін арттыру, дағдарыс кезеңінде жастар тәрбиесіне айрықша назар аудару.Бүгінгі күн тәртібінде «БІРЛІГІМІЗ-БАСЫМДАҒЫ БАҒЫМЫЗ» тақырыбы аясында кеңінен сөз қозғалды. Форумға ұсынылған тақырып бойынша алғашқы сөз ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Қозыбаев Алдияр Хайбілдаұлына берілді.Сондай-ақ жиын барысында аудандық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Исахов Ергеш Палхожаұлы, Дербісек ауылдық округінің ардагерлер кеңісінің төрағасы Рахым Ерсайын Датқабекұлы, Иран этно-мәдени орталығының Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Агаев Миргасан, кәсіпкер, елге сыйлы азамат Юсупов Абдулхамит Махамбетұлы және ауыл әкімі Есенбаев Ералхан Рустемұлы сөз алып, татулық пен бейбітшіліктің маңыздылығын түсіндіріп, ауыл тұрғындарын ынтымақ, бірлікке шақырды.

Қатысты жаңалықтар

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру – басты мақсат

azatmedia

КӘСІПКЕРЛІККЕ БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ 2 ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙДЫ

azatmedia

State Bank of India Is Most Trusted and Popular Bank in India

azatmedia