Соңғы жаңалықтар

Көркейсе ауыл, көркейеміз бәріміз…

Келес ауданының Бірлік ауылдық округі бойынша аталған аумақтағы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Атап айтар болсақ, жол бойындағы тал-теректер бұталып, түптері әктеліп, шөптерден тазартылған. Ол жұмыстарға округ аумағындағы 7 елді мекендердің тұрғындары, мектеп, мекеме, өндірістік кәсіпорын ұжымдары белсене қатысып, көшелер мен арықтар тазаланса, көше бойындағы электр бағаналары мен үйлердің сырты әктелген. Сондай-ақ, 4 рет сенбілік ұйымдастырылып, 850 түп ағаш отырғызылған және күл қоқыс тастайтын 2 гектар полигон аумағы тазаланып, ретке келтірілген.

Сондай-ақ, қазір Бірлік ауылында 75 орындық ауылдық клуб пен кітапхана мәдениет саласында қызмет етіп жатыр. Аталған кітапхананың жалпы 10 мыңнан астам кітап қоры бар. Ал ауыл округіндегі 14-29 арасындағы бір жарым мыңға жуық жастармен Келес аудандық ішкі саясат бөлімі «жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің  жастар жөніндегі инспекторы жұмыс істеп келеді.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ БАС БҰЛШЫҚ ЕТІ …

azatmedia

«Отбасыңмен болу бір бақыт» – Қайрат Нұртас жариялаған сурет қызу талқыға түсті

azatmedia

Келестік шаруалар жылына екі өнім жинамақ

azatmedia

Пікір қалдыру