Соңғы жаңалықтар

Амбулатория салуға жер бөлінді

Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі көлемінде 15 орынға арналған ауылдық аурухана және  2 емхана, сонымен қатар бір ФАП халық денсаулығын сақтау үшін қызмет етеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Тиісінше, ауылдық округ бойынша емдеу мекемелерінде 3 жоғары білімді дәрігер маман мен 31  медбике жұмыс істейді. Оның ішінде 11 жоғары санатты, 1 бірінші санатты медицина маманы бар.

Сондай-ақ, Бірлік ауылында жаңа амбулатория құрылысын жүргізу үшін жер бөлініп,  мемлекеттік актісі жасалған. Аталған нысанға тапсырыс беруші «Келес аудандық емханасы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны жаңа ғимараттығ жобалық сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр.

Тағы айта кетерлігі, округ құрамындағы Бірлік, Жаңатіршілік, Үшағаш, Қосөткел ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы  ішкі жүйелерінің жобасына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қортындысы алынған және  бюджеттік өтінімге ұсынылған.      

Қазіргі таңда Бірлік, Жаңатіршілік, Үшағаш, Қосөткел ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін алдымен газ жеткізуші құбырының жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптамаға тапсыру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАНДА ӨНЕР КӨРСЕТІП, ҰШАҚ ЖАСАТҚАН

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 368 ОТБАСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

azatmedia

Петропавлда қазақ зиялыларының ескерткіштері қоқыста жатыр

azatmedia

Пікір қалдыру