Соңғы жаңалықтар

Қаражат мақсатты қызметтерге бағытталады

Түркістан облысы Келес ауданы Бозай ауылдық округі аппаратының 2020 жылғы 5 айында қаржыландыру жоспары  бойынша  31626,0  теңге бөлініп, толықтай игерілген, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында салық  жоспары жалпы 80.1 пайызға орындалған. Атап айтсақ, жер салығы жоспарындағы 60 000 теңгенің 50 550 теңгесі, мүлік салығына жоспарланған 20 мың теңгенің 18 577 теңгесі және жеке тұлғалардың көлік салығына қаралған 354 000 теңгенің 239 569 теңгесі орындалған.

Атап өтсек, бұл ауылдық округте 1 мал дәрігерлік пункті жұмыс істейді, онда 12 мал дәрігерлері  қызмет атқарады. Осы орайда айта кетсек, 2020 жылдың алғашқы 5 айында бірдейлендіру жұмысы бойынша 31372 бас уақ мал, 20566 бас ірі қара мал сырғаланып, 44 бас жылқы  дерекқор базасына енгізілген. Жалпы малдардың  құтыру, сібір жарасы, аусыл, эктима, оспа, эхинакоккоз және туберкулез сияқты ауруларының алдын алу мақсатында  қолда бар  үй жануарларына қажетті вакциналар салынған. Одан бөлек, қаңғыбас иттер мен мысықтарды ату жұмыстары  бойынша 27 қаңғыбас ит атылып, арнайы өлексе тастайтын шұңқырда өртелген.

Қатысты жаңалықтар

Азаматтар тұрақты медициналық емін қабылдауда

azatmedia

ОТАНҒА КӨМЕК

azatmedia

Мұғалімдерді «ханым» және «мырза» деп атау ұсынылды

azatmedia

Пікір қалдыру