Соңғы жаңалықтар

Бозайдағы көшелерге асфальт төселеді

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Түркістан облысы Келес ауданы Бозай ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі ішкі көшелер жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Атап айтсақ, Бозай елді мекеніндегі А.Құнанбаев көшесіне тас төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстарын 7,8 млн.  теңге қаржыға ЖШС «Строй стандарт» мердігер мекемесі жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, Құрманғазы көшесіне 7,8 млн теңге қаржыға ТОО «Асфальт» мердігер мекемесі асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу үшін дайындық жасалып жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың маусым айында бастау жоспарланған.

Одан бөлек, Тентексай елді мекеніндегі Ш.Қалдаяқов көшесіне шағал тас төсеу жұмыстары үшін аудандық бюджеттен 11,2 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме ТОО «Партнер Продукт» құрылыс жұмыстарын шілде айында бастауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, аталған ауыл округі көлемінде карантин режимінде 1 ауылдық емхана (ФАП),  ауылдық округі бойынша емдеу мекемелерінде 1 жоғары білімді дәрігер маман, 1 аға дәрігер мен 10  медбике жұмыс істейді.

Қатысты жаңалықтар

Жүргізушіні қарғаған жол полициясының әрекеті қызу талқыланып жатыр (видео)

azatmedia

Еліміздегі жастардың жартысына жуығы шетелге толықтай кетуді жоспарлап жүр

azatmedia

Дәріханалардан 5 түрлі дәріні тегін алыңыз…

azatmedia

Пікір қалдыру