Соңғы жаңалықтар

Тұрғындар тарапынан наразылық жоқ

Ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында Түркістан облысы Келес ауданы Бозай ауылдық округіне жоғарғы басқарушы органдардан қаулы, шешім, өкім секілді тағы да басқа барлығы 311 іс қағаздары келіп түскен, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Аталған шешім, өкім сынды іс қағаздар округ әкімшілігі тарапынан басшылыққа алынып, оларды орындау және ауыл тұрғындарының өтініштерін қанағаттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің 12  шешімі және 25 өкімі шығарылып, 263 жауап хаттар мен ұсыныстар, сонымен қатар басқа да мәліметтер жолданған. Сондай-ақ, заңсыз актілердің қабылдануына және заңсыз, жалған мәліметтердің, құжаттардың берілуіне жол берілмеген. Нәтижесінде, 2020 жылдың алғашқы 5 айында сот, әділет басқармасы тарапынан округ әкімшілігіне білдірілген бірде бір наразылық орын алмаған. Одан бөлек, 2020 жылдың алғашқы 5 айында жеке  тұлғалардан  2 өтініш келіп түскен. Тиісінше өтініштердің 2-і толық қанағаттандырылған.

Айта кетейік, Келес ауданына қарасты Бозай ауылдық округі 4 елді мекеннен құралған. Атап айтсақ,  аумағында  Бозай, Тентексай, Шолантөбе, Тартоғай  елді мекендері бар, ал орталығы Бозай ауылы. Жалпы жер аумағы 60930 гектар. Жалпы халық саны – 2579 адам.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 175 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ҒИМАРАТЫ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

azatmedia

МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ЖАЛҒА АЛҒАН БАСПАНАЛАРДЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ

azatmedia

АКИМ ГОРОДА ПРИНЯЛ СПОРТСМЕНОВ, КОТОРЫЕ ПРИМУТ УЧАСТИЕ В XXXII ЛЕТНИХ ОЛИМПИЙСКИХ ИГРАХ

azatmedia

Пікір қалдыру