Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА «АҚЫЛДЫ КҮНБАҒЫС» ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқарата елді мекенінде «Ақылды Күнбағыс» ақпараттық-танымдық электронды қондырғы орнатылды, – деп хабарлайды Anyqtimes.kz.

Ерекше қондырғының WI-FI желісінің құпия сөзі: ақын, Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. Құпия сөз ай сайын өзгеріп тұрады. «Ақылды Күнбағысты» Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округінің «Қошқарата Береке» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, округтің тумасы Мейірлан Қырықбай орнатып берді. Заманауи қондырғы күннен қуат алады.


Арнайы пернетақта орнатылып, интернет желісіне қосылған. Тегін Wi-Fi және ұялы телефондарды қуаттайтын төрт нүктесі бар. Орнатылған пернетақта арқылы және ұялы телефондарымен тегін Wi-Fi-ға қосылып, интернеттен мектепке және басқа да қажетті мәліметтерді алуға жағдай жасалған. Аталған қондырғының айналасы жарықтандырылып, орындықтар қойылды. Түркістан облысында қамқорлық танытып жатқан жомарт жандар қатары көп. Туған жерді түлетуге үлес қосып жүрген қайырымды жанның қамқорлығына бөленген ауыл тұрғындары алғыстарын жаудыруда.

Қатысты жаңалықтар

Петропавлда қазақ зиялыларының ескерткіштері қоқыста жатыр

azatmedia

ТҮЛКІБАС: САСТӨБЕ КЕНТІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

azatmedia

Ассоциациялық топ мүшелерінің отырысы өткізілді

azatmedia